Mind Academy
  • 0

Баланың қабылдау каналын анықтауға арналған тест

By admin on 11.07.2025

Біліңіз мінезінің баланың қандай курстар мен мамандықтар өзін көрсетуге барынша қай спорт болады артықшылықты! Тест анықтауға мүмкіндік береді күшті жақтары, әлсіз жақтары мен тәсілдері, баланың өзін-өзі жетілдіру!

Добро пожаловать в Каналы восприятия ребенка (3-10 лет) КЗ

Үлгіге қарап жақсы жұмыс жасай алады (визуалды нұсқаулық, дайын нұсқаулық сурет және т.б.)

Өте байқағыш, кез-келген кішкентай затты (едендегі үгіндіні, киімдегі дақты және т.б.) тез байқайды.

Пазлдарды жақсы жинайды.

Суреттерді бояғанды ұнатады.

Көргенін жақсы есте сақтайды.

Ұқыпты болып жүру ол үшін өте маңызды.

Кітап оқыған кезде суреттерге қарағанды ұнатады.

Әңгімені бірінші болып бастай бермейді, көбінесе сұрағанда ғана жауап береді.

Сөйлескенде әрқашан көзге тіке қарайды.

Қызықты бір нәрсе көрсетіп, көңілін аулап, тыныштандыру оңай.

Әңгімелескенді ұнатады, көп сөйлейді.

Музыка, аудиоертегілер тыңдағанды жақсы көреді.

Кітаптарды оқып берсең, тыңдағанды ұнатады, суреттердің болуы маңызды емес.

Ауызша нұсқаулықтарды нақты және тез орындайды.

Жалғыз ойнаған кезде үнемі сыбырлап, өз-өзімен сөйлесіп отырады.

Өз ойынан ойындар ойлап тапқанды ұнатады.

Дыбыстық еліктеуі (звукоподражание) өте жақсы дамыған.

Әңгімені бірінші болып бастағанды ұнатады және басқаларды әңгімеге тартады.

Құрдастарына қарағанда, жасы үлкендермен және ересек адамдармен әңгімелескенді ұнатады.

Ұйқасты хикаяларды (өлеңдер) өте жақсы көреді.

Кітап тыңдағанды жақсы көрмейді, қашады, назарын аударту өте қиын.

Қимыл-қозғалыс ойындарын жақсы көреді.

Тыныш отыруы өте сирек (жибырлак).

Құшақтағанды жақсы көреді.

Барлық нәрсені сипап, дәмін татып көргенді жақсы көреді.

Музыка тыңдаған кезде билегенді жақсы көреді.

Қаламды, фломастерді, қылқаламды және т.б. қатты басып жазады.

Жиі кір-қожалақ болып жүреді.

Әңгімелесу кезінде сізге, сіздің киіміңізге жанасуды жақсы көреді.

Жұмсақ, жағымды матадан киімдер кигенді жақсы көреді. Ыңғайсыз киімдер кигізгенде наразылық білдіреді.

1 из 3
clock.png

Время вышло

Posted in Без рубрики.
Share
PreviousТест для определения канала восприятия ребёнка
NextКаналы восприятия

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *