Mind Academy
  • 0

Каналы восприятия ребенка (10-20 лет) КЗ

By admin on 10.07.2025

Добро пожаловать в Каналы восприятия ребенка (10-20 лет) КЗ

Жиі жазбалар жазғанды және шимайлағанды жақсы көремін.

Мен біреумен сұхбаттасатын кезде, сұхбаттасушы менімен визуалды контакт құрмаса, бұл мен үшін қиындық тудырады.

Маған жазбалар жазған және жасалу керек істерді жазбаларымнан қайта қарап шығу ұнайды. Себебі солай жақсы есте сақталады.

Көркем шығармаларды оқыған кезде, қоршаған орта, киімдер мен жағдайлар сипатталған жерлерді мұқият оқимын.

Баратын жерімнің мекен-жайларын жазып аламын, осылай есте сақтау жеңіл болады.

Зейіннің шоғырлануы үшін, маған сөйлесіп жатқан адамды көру қажет.

Бір адамды ең алғаш кездестірсем, оның қандай киім кигеніне және сыртқы келбетіне назар аударамын.

Қандай да бір кешке немесе достарыммен кездесуге барғанда, оларды сырттай бақылағанды жөн көремін.

Қандай да бір ақпаратты еске алғанда, оны көз алдыма елестетемін және қайда көргенімді есіме түсіруге тырысамын.

Егер мен жаңа бірнәрсені түсіндіретін болсам, оны жазбаша түрде жасауға тырысамын.

Бос уақытымда теледидар қарағанды және кітап оқығанды ұнатамын.

Егер мен қандай да бір ақпаратты алуым қажет болса, оны жазбаша түрде алуды жөн көремін.

Мен кітап оқыған кезде, дауыстап оқимын немесе ойымда есту үшін еріндерімді қимылдатып оқимын.

Мен біреумен сұхбаттасатын кезде, сұхбаттасушы тек тыңдауды жөн көрсе, мен үшін қиындық тудырады.

Мен көп жазбалар жазбаймын, бірақ айтылғанды есте сақтаймын.

Мен қандай да бір көркем шығарма оқысам, кейіпкерлердің диалогтары мен әңгімелері сипатталған жерлеріне ерекше назар аударамын.

Мен бірнәрсе жазғанда немесе есеп шығарғанда өз-өзіме сыбырлаймын.

Тіпті егер менің назарым ораторда (мұғалім) болмаса да, мен оның айтқандарын жақсы түсінемін.

Мен біреумен алғаш кездескенде, оның қалай сөйлейтініне назар аударамын.

Достарымызбен жиналғанда немесе кешке барғанда, мен үшін ең жағымдысы — достарыммен маған қызықты тақырыпта сөйлескен болар еді.

Мен газет оқудың орнына жаңалықтар тыңдағанды жөн көремін.

Егер мен жаңа бірнәрсені түсіндіретін болсам, оны сөзбен түсіндіргенді жөн көремін.

Мен бос уақытымда музыка тыңдағанды ұнатамын.

Егер мен қандай да бір ақпарат алуым қажет болса, оны телефон арқылы жібергенін жөн көремін.

Қандай да бір нұсқауларды оқу немесе тыңдаудың орнына, мен оны тәжірибеде іс жүзінде жасау арқылы үйренуді жөн көремін.

Мен біреумен әңгімелескенде, сұхбаттасушы қандай да бір эмоциялық қолдау немесе реакция бермесе мен үшін қиындық тудырады.

Мен тыңдап отырғанда жазып немесе шимайлап аламын, бірақ кейінірек ол жазбаларды қайта қарамаймын.

Мен қандай да бір көркем шығарма оқыған кезде, кейіпкердің сезімдері сипатталған жерлеріне ерекше назар аударамын.

Мен оқыған кезде ернімді қозғалтамын.

Мен сөйлеп жатқанда бір нәрсені есіме түсіре алмасам, қолдың көмегімен және қимылдармен түсіндіруге тырысамын.

Менің жұмыс үстелім немесе партам көбінесе шашылып тұрады.

Біз достарымызбен жиналғанда немесе кешке баратын болсақ, мен үшін ең жағымдысы би билеу, ойнау және көңіл көтеру болады.

Мен қозғалыста болғанды ұнатамын, жұмыс үстелінде немесе партада ұзақ отырғанды ұнатпаймын.

Мен бір жаңа нәрсені түсіндіретін болсам, оны сөзбен немесе тақтаған жазу арқылы түсіндірудің орнына, оның қалай жасалатынын көрсетуді жөн көремін.

Мен бос уақытымда физикалық жаттығулармен айналысқанды ұнатамын.

Егер мен жаңа ақпарат алуым керек болса, оны жеке сөйлесу арқылы жеткізгенін жөн көремін.

1 из 3
clock.png

Время вышло

Share
PreviousКаналы восприятия ребенка (3-10 лет)
NextТест на определение личностных качеств КЗ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *